«Баянауыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы қаулы жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысы негізінде әзірленді.

Аталған қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты «Баянауыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту болып табылады.

Қаулыны іске асыру жергілікті бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді.

Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Дата публикации
23 февраля 2023