«Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2023-2025 жылдарға арналған Азаматтық бюджетінің жоспарын ұсынып

Сіздердің назарларыңызға «Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2023-2025 жылдарға арналған Азаматтық бюджетінің жоспарын  ұсынып, онда Сәтбаев ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпарат бар.

Сәтбаев ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауларында қойылған міндеттерге, Сәтбаев  ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, кірістерді болжау әдістемесіне сәйкес қалыптастырылды.

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – бұл Қазақстан Республикасында зейнетақыларды, жәрдемақыларды және өзге де төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын қолдану, салықтарды және басқа да төлемдерді есептеу үшін пайдаланылатын көрсеткіш (Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңында жыл сайын белгіленеді).

Ең төмен күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс.

Ең төменгі жалақы – біліктілігі жоқ қарапайым (онша күрделі емес) еңбек жұмыскері қалыпты жағдайларда және жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезінде еңбек нормаларын (Еңбек міндеттерін) орындаған кезде оған төленетін ақшалай төлемдердің кепілдік берілген ең төменгі мөлшері.Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген айына «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»                2019 жылғы 04 желтоқсандағы № 276-VI ҚРЗ Заңымен 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленген:

1) жалақының ең төмен мөлшері – 70 000 теңге;

2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері – 24 341 теңге;

3) зейнетақының ең төменгі мөлшері – 53 076 теңге;

4) Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 3 450 теңге ;

5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 40 567 теңге.

Дата публикации
25 января 2023