Баянауыл ауданы әкімдігінің «Баянауыл ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» қаулы жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы  № 787 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес негізінде қаулы әзірленді.

Аталған қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты Баянауыл ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту болып табылады.

Қаулыны іске асыру жергілікті бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді.

Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Дата публикации
25 января 2023