Баянауыл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 3 мамырдағы «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайлар беру туралы» № 154/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулы жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28-бабы 4 және 6-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабының 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес негізінде қаулы әзірленді.

Аталған қаулы жобасын қабылдаудың мақсаты Баянауыл ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу болып табылады.

Қаулыны іске асыру жергілікті бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді.

Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Дата публикации
23 января 2023