Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Баянауыл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 3 мамырдағы «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайлар беру туралы» № 154/5 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6335 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Баянауыл ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы»;
көрсетілген қаулының 1–тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1.Баянауыл ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.»;
көрсетілген қаулының 2–тармағы және 2–қосымшасы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулының 1–қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2.Осы қаулының орындалуын бақылау Баянауыл ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3.Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Баянауыл ауданының әкімі |
А.Ксентаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Баянауыл
аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы