Сіздердің назарларыңызға «Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2021-2023 жылдарға арналған Азаматтық бюджетінің жобасын ұсынып, онда Сәтбаев ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпарат бар.
Сәтбаев ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауларында қойылған міндеттерге, Сәтбаев ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, кірістерді болжау әдістемесіне сәйкес қалыптастырылды.
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – бұл Қазақстан Республикасында зейнетақыларды, жәрдемақыларды және өзге де төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын қолдану, салықтарды және басқа да төлемдерді есептеу үшін пайдаланылатын көрсеткіш (Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңында жыл сайын белгіленеді).
Ең төмен күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс.
Ең төменгі жалақы – біліктілігі жоқ қарапайым (онша күрделі емес) еңбек жұмыскері қалыпты жағдайларда және жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезінде еңбек нормаларын (Еңбек міндеттерін) орындаған кезде оған төленетін ақшалай төлемдердің кепілдік берілген ең төменгі мөлшері.Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген айына «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2019 жылғы 04 желтоқсандағы № 276-VI ҚРЗ Заңымен 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленген:
1) жалақының ең төмен мөлшері – 42 500 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері – 16 839 теңге;
3) зейнетақының ең төменгі мөлшері – 38 636 теңге;
4) Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 3063 теңге ;
5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 31 183 теңге.