«Баянауыл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ 2021 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет нәтижелері туралы есеп

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Баянауыл ауданының экономика және қаржы бөлімінде 1 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

2021 жылы 106 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 106, электрондық үкімет порталы арқылы-0.

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну - 106 қызмет.

Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша халықтың хабардар болуына қол жеткізу мақсатында бөлімде көрнекі ақпараты бар стенділер (қызметтер тізбесі, стандарттар) орналастырылған.

Мемлекеттік органмен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелерін түсіндіру бойынша сәйкес ZOOM арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша 1 түсіндіру іс - шаралары өткізілді.

2022 жылғы 7 маусымда «Баянтау» газетінің № 39 басылымында мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы атты мақала жарияланды.

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат Баянауыл ауданы әкімінің ресми сайтында орналастырылған.

Қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселесі тұрақты бақылауда.

Бөлім басшысы                                          Ж. Узбаева

Дата публикации
02 августа 2022