«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 шілдедегі № 1-03/27 қаулысымен Баянауыл ауданы Баянауыл және Күркелі ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша, Баянауыл және Күркелі сайлау округі Баянауыл және Күркелі ауылдық округтерінің шекарасында құрылды. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 29 шілдедегі № 1-03/28 қаулысымен Баянауыл ауданының Баянауыл және Күркелі ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауын 2022 жылғы 28 тамызға тағайындады.
Баянауыл аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы