Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Баянауыл ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі спорт саласында 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2021 жылы 112 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 112, электрондық үкімет порталы арқылы-0.