Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға санаторий-курорттық емдеуді ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға санаторий-курорттық емдеуді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы
1-тармағының 9-7) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі – ОЖБ) сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға санаторий-курорттық емдеуді ұсыну тәртібін айқындайды.
Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға санаторий-курорттық емдеуді ұсыну қағидаларыДата публикации
26 июля 2022