Баянауыл аудандық мәслихатының «Баянауыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 маусымдағы № 180/30 «Баянауыл ауданы ауылдық округтерінің және Майқайың кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі жобасына пресс-релиз

Баянауыл аудандық мәслихатының «Баянауыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 маусымдағы № 180/30«Баянауыл ауданы ауылдық округтерінің және Майқайың кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»  шешімі жобасы (бұдан әрі – шешімі жобасы) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабының 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» № 295 бұйрығына сәйкес әзірленді.

Шешімі жобасын қабылдаудың мақсаты Баянауыл аудандық мәслихатының нормативтік құқықтық актілерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру болып табылады.

Шешімі жобасы 2021 жылғы 11 қарашада ашық нормативтік құқықтық актілер интернет порталында орналастырылған.

Баянауыл аудандық мәслихатының «Баянауыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 маусымдағы № 180/30 «Баянауыл ауданы ауылдық округтерінің және Майқайың кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі жобасына пресс-релиз
Дата публикации
11 ноября 2021