Баянауыл ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабы 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Баянауыл ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойыншаүйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  2. Баянауыл аудандық мәслихатының, 2013 жылғы 11 ақпандағы «Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы» № 67/13 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3465 болып тіркелген және 2013 жылғы 15 наурызда № 11 «Баянтау» аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Баянауыл ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
Дата публикации
22 сентября 2021