Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Объектілерде «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру жалғастырылсын:
- йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
- спа-орталықтары;
- моншалар, сауналар, бассейндер;
- PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
- боулинг клубтары;
- кинотеатрлар;
- театрлар мен филармониялар;
- стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
- асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері;
- облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
- облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар;
- бильярд клубтары;
- концерт залдары;
- ерікті қатысушылар;
- караоке;
- көрмелер;
- океанариум;
- марафондар;
- көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
- әуежайлар;
- лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;
- балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары;
- цирктер;
- отельдер, қонақ үйлер;
- халыққа қызмет көрсету орталықтары;
- темір жол вокзалдары және автовокзалдар;
- (жабық) базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, (азық түлік емес) сауда үйлері, сауда желілері;
- балаларды сауықтыру орталықтары (жұмыскерлер (персонал) үшін);
- букмекерлік конторалар;
- сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары;
- барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, 18 жастағы және одан асқан білім алушылар үшін (ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен балаларды 12 жастан бастап ерікті түрде тіркей отырып));
- спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары;
- білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар мен интернаттар (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, білім алушылар үшін).
- Қоса беріліп отырған:
- осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына жаңа қатысушыларды қосу алгоритмі;
- осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасын енгізу және «сары/қызыл» мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау алгоритмі;
- осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Жосықсыз қатысушыларды «Ashyq» жобасынан шығару алгоритмі;
- осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары;
- осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін беру өлшемшарттары бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі:
1) объектілерде енгізу кезінде «Ashyq» жобасын техникалық қолдауды;
2) күн сайын Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне «Ashyq» ақпараттық жүйесінен «қызыл/сары» мәртебесі бар келушінің жобаға қатысатын объектіге бару фактісінің тіркелгені туралы алдыңғы күнгі мәліметтерді (жүктеп алуды) ұсынуды
3) сауда және интеграция, денсаулық сақтау министрліктерімен, Алматы облысы әкімдігімен, «Атамекен» ҰКП-мен (келісу бойынша) бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен тек «жасыл» мәртебесі бар жұмыскерлер мен келушілердің кіру шартымен «Ashyq» жобасы шеңберінде «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін қайта бастау бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.