Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2- тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Баянауыл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 29 шілдедегі № 2-19/170 ұсынысы негізінде, Қызылтау ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округінде орналасқан «Адильхан» шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың құтыру ауруының жою бойынша кешенді ветеринариялық- санитарлық іс – шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округінің әкімі 2021 жылғы 24 мамырдағы «Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округінің «Адильхан» шаруа қожалығының аумағында шетеу іс-шараларын белгілеу туралы» № 1-21-03 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №22822 болып тіркелеген, 2021 жылғы 26 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау бакінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.