Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес.
1. Учаскелік сайлау комиссияларының Баянауыл ауданының Ақсан, ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижесі туралы хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын шығарды:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 578 азамат енгізілді, олардың 503-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 65, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған-38.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Дюсенбаев К.Д. – 290; Касенов А.К. – 110.
Дюсембаев Кенжебек Дюсембаевич, 1961 жылы туған, Ақсан ауылдық округінің әкімі, Ақсан ауылдық округінің Жалғызқайың ауылында тұрады, Ақсан ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін. «NurOtan»партиясы ұсынды.
2. Учаскелік сайлау комиссияларының Баянауыл ауданының Бірлік ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижесі туралы хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын шығарды:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 541 азамат енгізілді, олардың 455-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 3, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған-9.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Жакенов Б.Ш. – 39; Мусатаев А.Э. – 404.
Мусатаев Арман Элгуатович, 1973 жылы туған, "Адия" ЖК заңгер, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Бірлік ауылында тұрады, Бірлік ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін. «Nur Otan» партиясы ұсынды.
3. Учаскелік сайлау комиссияларының Баянауыл ауданының Сәтбаев ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижесі туралы хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын шығарды:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 759 азамат енгізілді, олардың 519-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 28, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған-4.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Калиев Н.Ж. – 6;Канышев Е.Т. – 117; Кокенов М.Е. – 322; Саликов Н.С. – 42.
Кокенов Мейржан Ержанович, 1976 жылы туған, бас маман «Сәтбаев ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Мұса Шорман ауылында тұрады, Сәтбаев ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін. «Nur Otan» партиясы ұсынды.
4. Учаскелік сайлау комиссияларының Баянауыл ауданының Ұзынбұлақ ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижесі туралы хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын шығарды:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 510 азамат енгізілді, олардың 491-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 25, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған-13.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Жұмагелді Ы.Б. – 29; Муканов А.М. – 424.
Муканов Аскар Муратович, 1981 жылы туған, Ұзынбұлақ ауылдық округінің әкімі, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ұзынбұлақ ауылында тұрады, Ұзынбұлақ ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.«Nur Otan» партиясы ұсынды.
Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 26 шілдедегі шешімімен 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған Баянауыл ауданының Ақсан, Бірлік, Сәтбае, Ұзынбұлақ ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.