Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімдерінің сайлауына кандидаттарды ұсыну барысы туралы Хабарлама

2021 жылдың 04 шілдесінде Ырысбек Боранбайұлы Жұмагелді Ұзынбұлақ ауылдық округінің әкіміне өз кандидатурасын ұсыну туралы құжаттарын өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынды.

Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеуді жүргізеді.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес әкімдікке кандидаттар ұсыну 2021 жылғы 9 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімдерінің сайлауына кандидаттарды ұсыну барысы туралы Хабарлама
Дата публикации
04 июля 2021