Баянауыл ауданы Ақсан, Бірлік,Сәтпаев,Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

2021 жылғы 25 маусымда Баянауыл ауданы аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, «2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Баянауыл ауданы Ақсан, бірлік, Сәтбаев, Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулы қабылданды.

Ағымдағы жылдың 25 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға түзетулерге қол қойды. Өзгерістер аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды енгізуді көздейді.

Сайлау заңнамасына сәйкес аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің халқы жиырма бес жастан төмен емес Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан төрт жыл мерзімге қызметке сайлайды.

Күнтізбелік жоспардың негізгі кезеңдері туралы сайлау комиссиясының төрағасы Талғат Маратұлы Қалышбеков баяндама жасады.

Ол кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады, яғни 26 маусым және сайлау өтетін күннен он бес күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде, яғни 09 Шілдеде аяқталатынын айтты.

Әкімдікке кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде, яғни 14 шілдеде сайлау өткізілетін күнге дейін он күн бұрын аяқталады.

Сайлау қорытындылары Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысында учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірілмей белгіленеді.

Отырыстан кейін Баянауыл аудандық сайлау комиссиясының төрағасы аудандық «Баянтау» газетіне сұхбат берді.

Баянауыл ауданы Ақсан, Бірлік,Сәтпаев,Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
Дата публикации
26 июня 2021