«2022 жылға арналған Баянауыл ауданының ұйымдарында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Баянауыл ауданы әкімдігінің қаулысы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 7) және 8) тармақшаларына сәйкес әзірленді.
Аталған жобасын қабылдаудың мақсаты Баянауыл ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу болып табылады.
Жоба қабылданған жағдайда әлеуметтік-экономикалық және\немесе құқықтық салдардарды тартпайды.
Қаулының жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылды.