2021 жылғы 25 шілдедегі Баянауыл ауданының Ақсан, Бірлік, Сәтбаев және Ұзынбұлақ ауылдық округ әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

1. Баянауыл ауданының Ақсан, Бірлік, Сәтбаев және Ұзынбұлақ ауылдық округ әкімдерінің сайлауын дайындаумен өткізуді белгілеу.

Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

25 маусым 2021 жыл

(113-1-б. 2, 3-т.)

2. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2021 жылдын 5 шілдеге дейін

(22-б.)

3. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2021 жылдын 5 шілдеге дейін

(13-б. 4-т.)

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей – 2021 жылдын 10 шілдеге дейін

(17-б. 2-т.)

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Баянауыл ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде, 2021 жылғы 10 шілдеден кешіктірмей.

(23-б. 5-т.)

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады – 2021 жылғы 26 маусым және егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе – 2021 жылғы 9 шілдеде сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда – 2021 жылғы 9 шілдеде жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

(113-3-б. 1-т.)

7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

(4-б.,тт.4) 113-5-б., 11-т.)

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

(14-б. 8-1) т., 31-б.)

9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б.)

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 7-т.)

11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

Әкімдікке кандидатттар,

саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 2-т.)

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 3-т.)

2021 жылғы 25 шілдедегі Баянауыл ауданының Ақсан, Бірлік, Сәтбаев және Ұзынбұлақ ауылдық округ әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
Дата публикации
25 июня 2021