Баянауыл ауданының ауылдық округ әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Баянауыл ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру:
1) Ақсан ауылдық округінің әкімін – Ақсан ауылдық округінің шекарасындағы Ақсан сайлау округі;
2) Бірлік ауылдық округінің әкімі – Бірлік ауылдық округінің шекарасындағы Бірлік сайлау округі;
3) Сәтбаев ауылдық округінің әкімі – Сәтбаев ауылдық округінің шекарасындағы Сәтбаев сайлау округі;
4) Ұзынбұлақ ауылдық округінің әкімі – Ұзынбұлақ ауылдық округінің шекарасындағы Ұзынбұлақ сайлау округі.
2. Сайлау округтерінің тізімі олардың шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Баянауыл ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында және аудандық «Баянтау» газетінде жариялансын.