Павлодар облысының Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

Баянауыл ауданының ауылдық округтері әкімдерінің

сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Баянауыл ауданында 2021 жылғы 25 шілдеге сайлау тағайындалсын:

- Ақсан ауылдық округінің әкімі;

- Бірлік ауылдық округінің әкімі;

- Сәтбаев ауылдық округінің әкімі;

- Ұзынбұлақ ауылдық округінің әкімі.

2. 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Баянауыл ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3. Осы қаулы Баянауыл ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында және аудандық «Баянтау» газетінде жариялансын.

Дата публикации
25 июня 2021