Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округінде орналасқан «Адильхан» шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының  2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Баянауыл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 2-19/107 ұсынысы негізінде, Қызылтау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округінде орналасқан «Адильхан» шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың құтыру ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
26 апреля 2021