Баянауыл аудандық мәслихатының «Баянауыл ауданы бойынша 2021–2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару жәнеоларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» шешімнің жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ

«Баянауыл ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Баянауыл аудандық мәслихатының «Баянауыл ауданы бойынша 2021–2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару жәнеоларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» шешімнің жобасы әзірленді (бұдан әрі - Шешім жобасы).

Осы Шешім жобасын қабылдау мақсаты Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 8–бабы 1) тармақшасын, 13-бабын орындалуы болып табылады.

Шешім жобасын іске асыру жергілікті бюджеттен қаржылай шығындарды талап етпейді.

Шешім жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.

Шешімнің жобасы Электрондық Үкімет порталының Ашық НҚА бөлімінде (20.04.2021 ж. - 05.05.2021 ж. дейін) орналастырылды.

 

 

Дата публикации
20 апреля 2021