ТАҒАЙЫНДАУ

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына, 30-бабының 1- тармағына сәйкес Жусупова Асия Сагандыковна 2021 жылдың 16 ақпаннан бастап «Баянауыл ауданы әкімі аппараты» ММ аудан әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Жусупова Асия Сагандыковна 1979 жылы 26 наурызда Павлодар облысы Қашыр ауданы Октябрьск ауылында туған.

Білімі-жоғары, 2009 жылы Алматы экономика және статистика академиясын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі –есеп және аудит бакалавры.

2018 жылдың 19 қазанынан бастап 2021 жылдың 15 ақпанға дейін «Тереңкөл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы қызметін атқарды.

        

        

Дата публикации
12 апреля 2021