Баянауыл ауданының қаржы бөлімі «2022 жылға арналған Баянауыл ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулы жобасын әзірледі (бұдан әрі - қаулы жобасы).
Қаулы жобасын іске асыру жергілікті бюджеттен қаржылай шығындарды талап етпейді.
Қаулы жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.
Қаулы жобасы Электрондық Үкімет порталының Ашық НҚА бөлімінде (30.03.2021 ж. - 13.04.2021 ж. дейін) орналастырылды.