1. Осы Баянауыл ауданы Майқайың кентінің және Үшқұлын, Шөптікөл, Майкөбе, Сұлужон ауылдардың аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Баянауыл ауданы Майқайың кентінің, Үшқұлын, Шөптікөл, Майкөбе, Сұлужон ауылдардың аумағындағы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Баянауыл ауданы Майқайың кентінің және Үшқұлын, Шөптікөл, Майкөбе, Сұлужон ауылдардың аумағындағы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.