Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына, Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 14 қантардағы № 2 және Павлодар облысы мәслихатының 2019 жылғы 14 қантардағы №303/27 «Павлодар облысының әкімшілік-аумақтық құрылымының кейбір мәселелері туралы» бірлескен қаулымен шешіміне сәйкес Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Баянауыл ауданы Майқайың кентінің және Үшқұлын, Шөптікөл, Майкөбе, Сұлужон ауылдардыңаумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары бекітілсін.
2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Баянауыл ауданы Майқайың кентінің және Үшқұлын, Шөптікөл, Майкөбе, Сұлужон ауылдардыңтұрғындары өкілдерінің сандық құрамы Майқайың кентінің және Үшқұлын, Шөптікөл, Майкөбе, Сұлужон ауылдардыңтұрғындарының жалпы санынан 3% (үш) мөлшерінде бекітілсін.
3. Баянауыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 шілдедегі «Баянауыл ауданы Майқайың кентінің және Үшқұлын ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Майқайың кенті көшелерінің және Үшқұлын ауылының тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы» № 197/36 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4013 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2.Осы шешімнің орындалуын бақылау Баянауыл аудандық мәслихатының
заңдылық, азаматтардың өтініш-шағымдарын қабылдау және аграрлық мәселелер мен экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.