Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Баянауыл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 19 наурыздағы № 2-19/76 ұсынысы негізінде, Майқайың кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Баянауыл ауданы Майқайың кенті Сұлужон ауылында Мусалимов Жанаттың жеке ауласында түлкінің құтыру ауруына оң нәтиже көрсетілгеніне байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.