«Баянауыл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Баянауыл аудандық мәслихаты шешімінің жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес «Баянауыл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Баянауыл аудандық мәслихаты шешімнің жобасы әзірленді.

Құқықтық нормалардың қайталануын болдырмау мақсатында Баянауыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі «Жекелеген санаттағы алушыларға мерекелік және атаулы күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы» № 166/32 шешімін, сонымен қатар өзгерістер енгізу туралы ілеспе шешімдерді күші жойылды теп тану қажет.

Шешімнің жобасы іске асыру жергілікті бюджеттен қаржылай шығындарды талап етпейді.

Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=6329&type=2#

 

 

Дата публикации
10 марта 2021