Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 9-бабының 1–тармағына сәйкес «Баянауыл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы «Баянауыл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» № 376/67 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Баянауыл аудандық мәслихатының шешім жобасы (әрі қарай – «Осы шешімі» немесе «шешімнің жобасы») әзірленді.
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңы 9-бабының 1–тармағын орындау үшін Осы шешімін қабылдау қажет.
Шешімнің жобасы іске асыру жергілікті бюджеттен қаржылай шығындарды талап етпейді.
Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=7362376