Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Баянауыл ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Баянауыл аудандық мәслихатының шешім жобасы әзірленді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 554 қаулысын орындау үшін «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Баянауыл ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Баянауыл аудандық мәслихатының шешімін қабылдау қажет.
Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
https://legalacts.egov.kz/arm/application/downloadnpa?id=7255412