Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабы 1-тармағына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2021-2023 жылдарға арналған Баянауыл ауданы бюджетінің жобасы 1,2,3 - қосымшаларға сәйкес мақұлдансын.
2. Жоғарыда көрсетілген 2021-2023 жылдарға арналған аудан бюджетінің жобасы қосымшаларға сәйкес аудандық мәслихатқа енгізілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Қызыровқа жүктелсін.