Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 510-бабы 1-тармағына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Баянуыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 қазандағы «Баянауыл ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» № 351/61 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7030 болып тіркелген, 2020 жылғы 16 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасында:
«Жерлердің орналасу аймақтары» бағанындағы «2» деген сандар алынып тасталсын;
«Арттыру пайызы» бағанындағы «+40%» белгілері мен сандары алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Баянауыл аудандық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.