«Баянауыл ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» Баянауыл аудандық мәслихатының шешімі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабы 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес.
Аталған жобасын қабылдаудың мақсаты Баянауыл ауданында кемтар балалары бар отбасыларын әлеуметтiк қолдау болып табылады.
Жоба қабылданған жағдайда әлеуметтік-экономикалық және\немесе құқықтық салдардарды тартпайды
Шешімнің жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылды.