«Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2020-2022 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті (жоба)

Сіздердің назарларыңызға «Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2020-2022 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті ұсынылған, онда Бірлік ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпарат бар.

Бірлік ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауларында қойылған міндеттерге, Бірлік ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, кірістерді болжау әдістемесіне сәйкес қалыптастырылды.

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – бұл Қазақстан Республикасында зейнетақыларды, жәрдемақыларды және өзге де төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын қолдану, салықтарды және басқа да төлемдерді есептеу үшін пайдаланылатын көрсеткіш (Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңында жыл сайын белгіленеді).

Ең төмен күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс.

Ең төменгі жалақы – біліктілігі жоқ қарапайым (онша күрделі емес) еңбек жұмыскері қалыпты жағдайларда және жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезінде еңбек нормаларын (Еңбек міндеттерін) орындаған кезде оған төленетін ақшалай төлемдердің кепілдік берілген ең төменгі мөлшері.Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген айына «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2017 жылғы 30 қарашадағы № 113-VI ҚРЗ Заңымен 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленген:

1) жалақының ең төмен мөлшері – 42 500 теңге;

2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері – 16 839 теңге;

3) зейнетақының ең төменгі мөлшері – 38 636 теңге;

4) Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 2651 теңге;

5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 31 183 теңге.


Дата публикации
09 октября 2019