Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 4-тармағына сәйкес Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2021-2023 жылдарға арналған Баянауыл аудандық бюджеті тиісінше 1, 2, 3 – қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 7524502 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 1686194 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 15178 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3750 мың теңге;
трансферттер түсімі – 5819380 мың теңге;
2) шығындар – 7524502 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 366739 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 428799 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 62060 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – нөлге тең;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -366739 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 366739 мың теңге.
2. 2021 жылға арналған облыстық бюджеттен берілген субвенциялар көлемі 4648403 мың теңге көлемінде ескерілсін.
3. 2021 жылға арналған аудандық жергілікті атқарушы орган резервінің сомасы 34102 мың теңге сомасында бекітілсін.
4. 2021 жылға арналған ауылдық округтері мен Майқайың кентінің бюджеттеріне аудандық бюджеттен бөлінген бюджеттік субвенциялардың көлемі 607006 мың теңге жалпы сомасында ескерілсін, соның ішінде:
Баянауыл ауылдық округі – 111262 мың теңге;
Ақсаң ауылдық округі – 34837 мың теңге;
Бірлік ауылдық округі – 35014 мың теңге;
Жаңажол ауылдық округі – 32069 мың теңге;
Жаңатілек ауылдық округі – 30807 мың теңге;
Қаратомар ауылдық округі – 32838 мың теңге;
Күркелі ауылдық округі – 31100 мың теңге;
Құндыкөл ауылдық округі – 33610 мың теңге;
Қызылтау ауылдық округі – 34199 мың теңге;
Сәтбаев ауылдық округі – 35075 мың теңге;
Торайғыр ауылдық округі – 41042 мың теңге;
Ұзынбұлақ ауылдық округі – 35472 мың теңге;
Майқайың кенті – 119681 мың теңге.
5. 2022 жылға арналған ауылдық округтері мен Майқайың кентінің бюджеттеріне аудандық бюджеттен бөлінген бюджеттік субвенциялардың көлемі 585867 мың теңге жалпы сомасында ескерілсін, соның ішінде:
Баянауыл ауылдық округі – 101165 мың теңге;
Ақсаң ауылдық округі – 34704 мың теңге;
Бірлік ауылдық округі – 34928 мың теңге;
Жаңажол ауылдық округі – 32264 мың теңге;
Жаңатілек ауылдық округі – 30744 мың теңге;
Қаратомар ауылдық округі – 32158 мың теңге;
Күркелі ауылдық округі – 31220 мың теңге;
Құндыкөл ауылдық округі – 33595 мың теңге;
Қызылтау ауылдық округі – 34790 мың теңге;
Сәтбаев ауылдық округі – 35341 мың теңге;
Торайғыр ауылдық округі – 41227 мың теңге;
Ұзынбұлақ ауылдық округі – 35439 мың теңге;
Майқайың кенті – 108292 мың теңге.
6. 2023 жылға арналған ауылдық округтері мен Майқайың кентінің бюджеттеріне аудандық бюджеттен бөлінген бюджеттік субвенциялардың көлемі 597219 мың теңге жалпы сомасында ескерілсін, соның ішінде:
Баянауыл ауылдық округі – 100304 мың теңге;
Ақсаң ауылдық округі – 36223 мың теңге;
Бірлік ауылдық округі – 35178 мың теңге;
Жаңажол ауылдық округі – 33652 мың теңге;
Жаңатілек ауылдық округі – 32034 мың теңге;
Қаратомар ауылдық округі – 33503 мың теңге;
Күркелі ауылдық округі – 32120 мың теңге;
Құндыкөл ауылдық округі – 34756 мың теңге;
Қызылтау ауылдық округі – 36238 мың теңге;
Сәтбаев ауылдық округі – 36832 мың теңге;
Торайғыр ауылдық округі – 42924 мың теңге;
Ұзынбұлақ ауылдық округі – 36181 мың теңге;
Майқайың кенті – 107274 мың теңге.
7. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер көзделсін.
8. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік–экономикалық даму мәселелері, бюджетті жоспарлау және әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
9. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.