2021 жылғы «4» ақпан Баянауыл ауылы
Мен Баянауыл ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Кәрібжанов Аянбек Елемесұлы, Баянауыл ауданының аумағында тұрғындарының арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 38-бабына, 104-бабы, 2-тармағының 3)-тармақшасына, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» №67 Қаулысына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Баянауыл ауданының әкімдігі, Баянауыл ауылының әкімі, Баянауыл ауданының полиция бөлімінің басшысына, Баянауыл аудандық ауруханасы бас дәрігеріне, COVID-19 коронавирустық инфекциясының эпидемиологиялық жағдайының нашарлауына байланысты Баянауыл ауданы КВИ штабының шешімімен Баянауыл ауылында санитарлық бекет орнатылсын:
1) санитарлық бекеттер арқылы қозғалысты, соның ішінде жаяу жүруді шектеу (егер жұмыс берушінің мөрмен куәландырылған еркін нысандағы анықтамасы болса), төмендегілерді қоспағанда:
- ауылда тұрақты тұратын адамдардың кіруі;
- апаттық жағдайлар, медициналық қызметтер, құқық қорғау органдары, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер, табиғатты қорғау, ветеринарлық қызметтер, жолдарды жөндеу қызметтері;
- тіршілікті қамту ұйымдарының қызметкерлері;
- еріп жүретін адамдарды қоса алғанда медициналық себептер бойынша шығатын және кіретін адамдар (жүргізушіні қосқанда 2-ден көп емес);
- карантиндік стационарларда емделген және бақыланған адамдар, оларды алып жүретін адамдармен бірге (жүргізушіні қосқанда 2-ден көп емес);
- ауданның экономикалық өмірін тамақ өнімдерімен, дәрі-дәрмектермен, тауарлармен, жабдықтармен және қатты, сұйық отынмен және жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету үшін тасымалдау көліктері;
2) санитарлық посттарда байланыспайтын термометрияның жүргізілуін және респираторлық аурулардың белгілері мен коронавирустық инфекцияны жоққа шығармайтын белгілердің болуын анықтауға арақашықтықты сақтап, сауал жүргізуді қамтамасыз ету;
3) инфекциялық ауруларға, соның ішінде COVID-19-ға (респираторлық белгілердің болуы) күдікті анықталған кезде «103» телефоны бойынша жедел жәрдем шақыруды қамтамасыз етсін.
2. Жеке тұлғалар:
1) бес жасқа толмаған балаларды қоспағанда, қоғамдық орындарда, таксиде болған кезде медициналық немесе шүберек бетперделерді киюді (әр 2 сағат сайын ауыстырумен).
2) объектілерге барғанда, сондай-ақ жұмыс орындарында келесілерді сақтау:
- қол алысуды болдырмау, адамдар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтау, қорғаныш бетперделерін дұрыс киюді қамтамасыз етуді;
- жеке гигиенаны сақтау (қолды жуғыш заттармен жуу, зарарсыздандыру құралдарын қолдану (қолға арналған антисептиктер), түшкіру және жөтел этикетін сақтауды;
3) 65 жастан асқан адамдар үшін көшеге шығуды шектеуді (қажет жағдайларды қоспағанда);
4) респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (мұрыннан су ағу, түшкіру, температура көтерілу), медициналық ұйымдарға бармай-ақ, жедел жәрдемді 103 және АА мобильді бригадасын шақыру арқылы дереу медициналық көмекке жүгінуді;
5) жерлеу шараларын өткізу кезінде кемінде 2 метр қашықтықты, бетперделік режимді сақтай отырып, 10 адамнан астам адамның жиналуына жол бермеуді;
3. Баянауыл ауданының әкімдігі, Баянауыл ауылының әкімі, Баянауыл ауданының полиция бөлімінің басшысы қамтамасыз етсін:
1) Баянауыл ауылында бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтауда карантин режимін сақтауды бақылауды күшейту, бөлімшелік қызмет жұмысын жасырын түрде өтетін отбасы, ұжымдық іс-шараларды анықтауға бағытталуды;
4. Баянауыл аудандық ауруханасының бас дәрігері қамтамасыз етсін:
1) үйдегі медициналық бақылауды және үйдегі карантиндік талаптардың сақталуын бақылауды.
6. Осы Қаулы 2021 жылдың 7 ақпаннан сағат 00.00-ден бастап 2021 жылдың 21 ақпанның сағат 00.00 дейін күшіне енеді.
А.Кәрібжанов,
Баянауыл ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.