Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17-бабына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 10) тармақшасына сәйкес, Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, пайдалы қазбаларды барлауды жүргізу үшін жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай жер теліміне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Баянауыл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 8 қазандағы «Жер теліміне қауымдық сервитут белгілеу туралы» № 321/10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6980 болып тіркелген, 2020 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Баянауыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары К. Г. Қызыровқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.