Баянауыл ауданы әкімдігінің «Жер теліміне қауымдық сервитут белгілеу туралы» қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ

«Баянауыл ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Баянауыл ауданы әкімдігінің «Жер теліміне қауымдық сервитут белгілеу туралы» қаулысының жобасы әзірленді (бұдан әрі - Қаулы жобасы).

Осы Қаулы жобасын қабылдау мақсаты Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17-бабына, 69-бабының 4-тармағы негізінде қауымдық сервитут белгілеу болып табылады.

Қаулы жобасын іске асыру жергілікті бюджеттен қаржылай шығындарды талап етпейді.

Қаулы жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.

Қаулының жобасы Электрондық Үкімет порталының Ашық НҚА бөлімінде (11.01.2021 ж. - 25.01.2021 ж. дейін) орналастырылды.

 

 

Дата публикации
11 января 2021