Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың кентінің әкімін сайлауды тағайындау туралы
ХАБАРЛАМА
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабы 1-тармағының 1)тармақшасына және 2-тармағына сәйкес, Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 30 қыркүйектегі № 1-11/59 қаулысымен Баянауыл ауданының Майқайың кентінің әкімін сайлауы 2026 жылғы 8 қарашаға тағайындалды.
Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы