2020 жылғы 14-15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Павлодар филиалы Баянауыл ауданының учаскелік сайлау комиссияларының 39 төрағасымен ZOOM форматында «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарын сайлау кезінде сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинардың барлық қатысушылары қорытынды тестілеуден өтіп, сертификаттар алды. Сондай-ақ, 28-29-30 желтоқсанда жергілікті жерлерге барып, УСК мүшелерімен семинарлар өткізу жоспарлануда.