Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы Жас сайлаушылар клубы туралы ЕРЕЖЕ

Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 28 тамыздағы № 1-11/44 қаулысымен бекітілген

 

 

Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы

Жас сайлаушылар клубы туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы Жас сайлаушылар клубы (бұдан әрі – Клуб) Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының консультативтік-кеңесші органы болып табылады.

Осы Ереже Клуб қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

  1. Клуб өз қызметін жүзеге асыру барысында БААСК мүшелерімен, сондай-ақ өзге де органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимыл жасайды.
  2. Клуб туралы ереже Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қаулысымен бекітіледі.

 

  1. Жас сайлаушылар клубының мақсаты мен міндеттері

 

  1. Клубты құрудың мақсаты жастардың белсенді азаматтық ұстанымын, электоралдық және құқықтық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
  2. Клубтың негізгі міндеттері:
  • жас азаматтардың құқықтық және саяси сауаттылық деңгейін арттыру;
  • Қазақстан Республикасының сайлау жүйесімен таныстыру;
  • жастардың сайлауға, қоғам мен мемлекет өміріне қатысуға деген қызығушылығын дамыту;
  • жастардың азаматтық бастамаларын қолдау және іске асыру.

 

  1. Жас сайлаушылар клубы мүшелерінің құрамы мен құқықтары

 

  1. Клуб қатысушылары – мектеп оқушылары (9–11 сыныптар), колледж студенттері (келісім бойынша).
  2. Клуб қатысушылары Клуб отырыстарының күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылау кезінде тең құқықтарға ие.
  3. Клуб қатысушыларының құқықтары:
  • БААСК төрағасы мен мүшелеріне ұсыныстар енгізу;
  • Клуб қызметіне қатысты ұсыныстар енгізуге;
  • Клубтың басқа қатысушыларының пікірлерімен келіспеген жағдайда өз пікірін білдіруге, ол пікір Клуб отырысының хаттамасына қоса тіркелуге тиіс.

 

  1. Жас сайлаушылар клубының қызметін ұйымдастыру

 

  1. Клуб өз қызметін әртүрлі форматтағы отырыстар (семинарлар, тренингтер, дәрістер, пікірталастар және т.б.) түрінде жүзеге асырады.
  2. Клуб отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет БААСК төрағасы тарапынан шақырылады және өткізіледі.
  3. Клубтың қызметін қамтамасыз ететін, іс жүргізуді жүзеге асыратын және отырыстарды дайындауды ұйымдастыратын жұмыс органы БААСК болып табылады.
  • Жұмыс органы:
  • білім беру ұйымдарының әкімшіліктерімен өзара іс-қимыл жасайды;
  • отырыстарды дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асырады;
  • Клуб қатысушыларын кезекті отырыстың өткізілетін күні мен күн тәртібі туралы оны өткізуден кемінде бес жұмыс күні бұрын хабардар етеді;
  • Клуб отырысы барысында хаттама жүргізеді.

 

  1. Қорытынды ережелер

 

  1. Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар БААСК қаулысымен енгізіледі.
  2. Клубтың қызметі БААСК төрағасының шешімі бойынша тоқтатылады.
Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы Жас сайлаушылар клубы туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
25 июня 2026