Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайлар беру туралы

Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № 154/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 мамырда № 6335 болып тіркелді

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабы 4 және 6-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес Баянауыл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Баянауыл аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп, үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін 1-қосымшаға сәйкес орындар белгіленсін.

2. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер үшін шарттық негізде 2-қосымшаға сәйкес үй-жайлар берілсін.

3. Баянауыл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 01 желтоқсандағы "Баянауыл ауданында бесінші сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттығына кандидаттардың үгіт баспа материалдары ілінетін орындардың және кандидаттардың сайлаушылармен кездесетін орындарының тізбесі туралы" (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2011 жылғы 15 желтоқсанда № 12-5-95 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 желтоқсандағы аудандық "Баянтау" газетінде жарияланған) № 266/12 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы К. К. Абылгазинге жүктелсін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
09 декабря 2020