Нотариат туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі № 155-I «Нотариат туралы» Заңына сәйкес, елді мекенде нотариус болмаған жағдайда нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті ауылдық округ әкімі аппаратының лауазымды тұлғасы мынадай нотариаттық іс-әрекеттер жасайды:

- өсиеттерді куәландырады;

- сенімхатты куәландырады;

- құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландырады;

- өтініштердегі қолдың түпнұсқалығын куәландырады.

ҚР заңнамалық актілерінде уәкілетті органның лауазымды адамдары жасайтын өзге де нотариаттық іс-әрекеттер көзделуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі №155-1 Заңы
Дата публикации
16 февраля 2024