«Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2024-2026 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті (Баянауыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №107/13 шешімі)
Сіздердің назарларыңызға «Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2024-2026 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті (Баянауыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 107/13 шешімі негізінде) ұсынылған, онда Сәтбаев ауылдық округі бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпарат бар.
Сәтбаев ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауларында қойылған міндеттерге, Сәтбаев ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, кірістерді болжау әдістемесіне сәйкес қалыптастырылды.
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – бұл Қазақстан Республикасында зейнетақыларды, жәрдемақыларды және өзге де төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын қолдану, салықтарды және басқа да төлемдерді есептеу үшін пайдаланылатын көрсеткіш (Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңында жыл сайын белгіленеді).
Ең төмен күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс.
Ең төменгі жалақы – біліктілігі жоқ қарапайым (онша күрделі емес) еңбек жұмыскері қалыпты жағдайларда және жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезінде еңбек нормаларын (Еңбек міндеттерін) орындаған кезде оған төленетін ақшалай төлемдердің кепілдік берілген ең төменгі мөлшері.Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген айына «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2023 жылғы 05 желтоқсандағы № 43-VIIІ ҚРЗ Заңымен 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленген:
1) жалақының ең төмен мөлшері – 85 000 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері – 28 215 теңге;
3) зейнетақының ең төменгі мөлшері – 57 853 теңге;
4) Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 3 692 теңге
5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 43 407 теңге.