
"Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
«Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтің 6 түрі көрсетіледі, оның ішінде:
1) Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту,
2) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру,
3) Елді мекендер шегінде обьектілер салу үшін жер учаскелерін беру,
4) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу,
5) Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату,
6) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.