Жыл сайын "мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 5-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет есептерін жария талқылау жүргізіледі.. Жария талқылаулар сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін ұдайы жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарының іске асырылуын қамтамасыз етуге арналған.
Бірлік ауылдық округі әкімінің сайтында "Қызмет" бөлімінде "жария талқылаулар" кіші бөлімінде 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет нәтижелері туралы есеп орналастырылды..
Округ тұрғындарына "түсініктеме"терезесінде ұсыныстар мен ескертулер енгізуге мүмкіндік берілді.
Барлық тұрғындарға қоғамдық талқылауларға белсенді қатысуға өтініш білдіреміз.