Меню

Страницы

Статья

ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІК

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ.

Сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі және тұрғын үй қатынастары саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар

312-бап. Сәулет-құрылыс қызметі саласындағы заңнама мен мемлекеттiк нормативтердiң талаптарын бұза отырып, жобалау алдындағы, iздестіру, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау, құрылыс материалдарын, бөлшектер мен конструкцияларды шығару мен қолдану

  1. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы заңнамасының талаптарын бұза отырып, жобалау алдындағы, iздестіру, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау, құрылыс материалдарын, бөлшектер мен конструкцияларды шығару, қолдану –

лауазымды адамдарға – алпыс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

лицензиядан айыра отырып, лауазымды адамдарға – бір жүз жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сегіз жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

313-бап. Құрылыс-монтаждау және жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде бекiтiлген құрылыс нормаларының және жобалау құжаттарының талаптарын бұзу

  1. Құрылыс-монтаждау және жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде ғимараттарды, құрылыстарды, олардың бөлiктерiн немесе жекелеген конструкциялық элементтерiн пайдалану сапасын нашарлатуға, олардың берiктiгiн, орнықтылығын төмендетуге әкеп соққан бекiтiлген құрылыс нормаларының және жобалау құжаттарының талаптарын бұзу –

лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. Ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөлiктерiнiң немесе жекелеген конструкциялық элементтерiнiң берiктiгiн, орнықтылығын жоғалтуға әкеп соққан, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген әрекеттердi жасау –

лицензиядан айыра отырып, лауазымды адамдарға – сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сегіз жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

314-бап. Объектiлердi тұрғызу және реконструкциялау кезiнде құрылыс, құрылыс-монтаждау, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттамасынсыз жүргiзу

  1. Объектiлердi тұрғызу және реконструкциялау кезiнде құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттамасынсыз жүргiзу –

жүргiзiлiп жатқан жұмыстарды тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

лицензиядан айыра отырып және жүргiзiлiп жатқан жұмыстарды тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға – сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сегіз жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

315-бап. Объектiлердi тұрғызу және реконструкциялау, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкциялар дайындау бойынша құрылыс-монтаждау, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде нормативтiк құжаттарда көзделген атқарушылық техникалық құжаттаманы ресiмдеу қағидаларын бұзу

Объектiлердi тұрғызу және реконструкциялау, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкциялар дайындау бойынша құрылыс-монтаждау, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде нормативтiк құжаттарда көзделген атқарушылық техникалық құжаттаманы ресiмдеу қағидаларын бұзу –

ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

316-бап. Объектілерді және олардың кешендерін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша салу (реконструкциялау, реставрациялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделiжөндеу)

  1. Объектілерді және олардың кешендерін, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не сараптама жүргізу талап етілетін, белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша салу (реконструкциялау, реставрациялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделi жөндеу) –

жеке тұлғаларға – бір жүз жиырма, лауазымды адамдарға – бір жүз алпыс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықты жоймау –

жұмыстарды тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – бір жүз алпыс, лауазымды адамдарға – екі жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алты жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

317-бап. Сараптама жұмыстарын және инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу

  1. Авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаждау жұмыстарының бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес келмеуіне жол беруі –

авторлық қадағалау жүргізу құқығына сарапшы аттестатының қолданысын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. Жобаларға сараптаманы жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін және тұрғызылып жатқан не тұрғызылған объектілердің орнықтылығын, сенімділігін және беріктігін қамтамасыз етпейтін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сараптаманың (сараптамалық бағалаудың) оң қорытындысын беруі –

жобаларға сараптаманы жүзеге асыру құқығына сарапшы аттестатының қолданылуын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың орындалған жұмыстардың сапасын, мерзiмдерiн, қабылдануын және объектiнiң пайдалануға тапсырылуын қоса алғанда, жобаны iске асыру сатысында бұзушылықтарға жол беруі –

техникалық қадағалау жүргізу құқығына сарапшы аттестатының қолданысын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3-1. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын тұлғалардың бекітілген құрылыс нормаларының талаптарын бұза отырып орындалған және ғимараттар, құрылыстардың, олардың бөліктерінің немесе жекелеген конструкциялық элементтерінің пайдалану сапасын нашарлатуға, олардың беріктігін, орнықтылығын төмендетуге әкеп соғуы мүмкін дұрыс емес деректерді қамтитын қорытынды беруі –

ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру құқығына сарапшы аттестатының қолданылуын алты ай мерзiмге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға бір жүз сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. Осы баптың бiрiншi, екiншi, үшiншi және 3-1-бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –

көрсетілетін қызметтің және маманданудың тиісті түріне сарапшы аттестатынан айыра отырып және сараптама жұмыстары мен инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру құқығына қызметке үш жыл мерзімге тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

317-1-бап. Аккредиттелген заңды тұлғалардың инжинирингтiк қызмет көрсетулерді (техникалық қадағалау және жобаны басқару) және сараптамалық жұмыстарды (жобаларға сараптама жүргізу және ғимараттар мен құрылыстардың сенiмдiлiгiн және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау) жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы

  1. Құрамында аттестатталған сарапшылары бар заңды тұлғалардың инжинирингтiк қызмет көрсетулерді (техникалық қадағалауды және жобаны басқаруды) және сараптамалық жұмыстарды (жобаларға сараптама жүргізуді және ғимараттар мен құрылыстардың сенiмдiлiгiн және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының және өзге де нормативтік және нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын бұза отырып жүзеге асыруы, оның ішінде:

1) орындалған (орындалып жатқан) құрылыс-монтаждау жұмыстарының бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес келмеуі;

2) тұрғызылатын не тұрғызылған объектілердің орнықтылығын, сенімділігін және беріктігін қамтамасыз етпейтін жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптаманың (сараптамалық бағаның) оң қорытындысын беру;

3) орындалған жұмыстың сапасын, мерзімін, қабылдап алынуын және объектінің пайдалануға берілуін қоса алғанда, жобаны іске асыру сатысындағы бұзушылық;

4) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша бекітілген құрылыс нормаларының талаптарын бұза отырып орындалған және ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөліктерінің немесе жекелеген конструкциялық элементтерінің пайдалану сапасын нашарлатуға, олардың беріктігін, орнықтылығын төмендетуге әкеп соғуы мүмкін дұрыс емес деректерді қамтитын қорытынды беру;

5) аккредиттелген заңды тұлғалардың біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі –

заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

аккредиттеу туралы куәлігінен айыра отырып, заңды тұлғаларға жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

317-2-бап. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасы мен өзге де нормативтік және нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұза отырып жобалау және құрылыс процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау

  1. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасы мен өзге де нормативтік және нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын бұза отырып жобалау және құрылыс процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау –

заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

аккредиттеу туралы куәлігінен айыра отырып, заңды тұлғаларға жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

318-бап. Объектілер мен кешендерді қабылдаудың және пайдалануға берудің белгіленген тәртібін бұзу

Сәулет-құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарын бұза отырып, объектілер мен кешендерді қабылдаудың және пайдалануға берудің белгіленген тәртібін бұзу –

жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – алты жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. 318-бап жаңа редакцияда — ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

321-бап. Құрылысты техникалық және авторлық қадағалауларды қатар жүргізбей жүзеге асыру

Құрылысты техникалық және авторлық қадағалауларды қатар жүргізбей жүзеге асыру –

жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға – бір жүз алпыс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

322-бап. Үй-жайларды заңсыз қайта жабдықтау және қайта жоспарлау

  1. Қолданыстағы ғимараттардағы тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сәулет-құрылыс жобасынсыз және жергiлiктi атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерiнiң тиiстi шешiмiнсiз заңсыз қайта жабдықтау және қайта жоспарлау –

жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – тоқсан, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. Ғимараттардың берiктiгiнiң және орнықтылығының толық жойылуына (қирауына) әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн дәл сол әрекеттер –

жеке тұлғаларға – сексен, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз сексен, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертпелер.

  1. Үйлер, құрылыстар, ғимараттар, олардың бөлiктерi немесе жекелеген конструкциялық элементтерi берiктiгiнiң, орнықтылығының, сенiмдiлiгiнiң төмендеуіне және жойылуына, тұрғызылып жатқан объектiлердiң пайдалану сапасының нашарлауына, қоршаған ортаға теріс әсер етуiне әкеп соғатын, аумақтарды қала құрылысына игеру, объектiлер мен кешендердi жобалау, салу, реконструкциялау, реставрациялау, жаңғырту, күрделi жөндеу және абаттандыру кезiнде техникалық регламенттерді қоспағанда, мiндеттi талаптарды, құрылыс нормалары мен қағидаларын, жобаларды, басқа да нормативтік актілерді сақтамау, сондай-ақ объектiлер құрылысының және оларды пайдалануға қабылдаудың белгiленген ұйымдастыру-құқықтық тәртiбiн бұзатын әрекеттер құрылыс саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп түсініледі.
  1. Материалдың, конструкцияның, бұйымның, олардың түйiскен тораптарының, ғимараттың және құрылыстың негiзгі топырақ қабатының есептік мәндегі салмақтың түсуіне және әсерлеріне бүлiнбей төтеп беру қабiлетi берiктiк деп түсініледі.
  1. Ғимараттың, құрылыстың есептемелік әсерлерге және салмақ түсу ықпалына орнықты тепе-теңдiк күйiн сақтап қалу қасиеті орнықтылық деп түсініледі.
  1. Ғимараттың, құрылыстың, оның инженерлiк жүйелерiнiң, тіреу және қоршау конструкцияларының нормаланатын көрсеткiштердің мәндерiмен айқындалған функцияларды орындау қабiлетi сенiмдiлiк деп түсініледі.
  1. Ғимараттар мен құрылыстар салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға, күрделi жөндеуге және жұмыстардың басқа да түрлерiне арналған жобалау алдындағы (құрылысқа салынатын инвестиция негiздемелерi, техникалық-экономикалық негiздемелер) және жобалау құжаттамасы (жоба, жұмыс жобасы және жобалардың басқа да түрлерi) жөніндегі жұмыстар жобалау жұмыстары деп түсініледі.

Ескерту. 322-бапқа өзгеріс енгізілді — ҚР 28.10.2015 № 366-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!

323-бапқа өзгеріс енгізу көзделген — ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

323-бап. Белгiленген тәртiппен пайдалануға берілмеген объектiлер мен кешендердi пайдалану

Құрылысы аяқталған, бiрақ белгiленген тәртiппен пайдалануға берілмеген объектiлердi, кешендердi немесе олардың жекелеген бөлiктерiн пайдалану (тұру, кіріс алу мақсатында қызметтер көрсету, өнiм өндiру) —

жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

463-бап. Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды)жүзеге асыру

  1. Тіркеу, рұқсат беру, хабарлама жіберу мiндеттi болған жағдайларда, тiркеусiз, рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –

әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасау заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, ал лицензиясыз кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірісті (дивидендтердi), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркiлеуге әкеп соғады.

  1. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

әкімшілік құқық бұзушылық жасау заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, ал лицензиясыз кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу әкiмшiлiк құқық бұзушылық нәтижесінде алынған кiрiстi (дивидендтердi), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркiлеуге әкеп соғады.

РҚАО-ның ескертпесі!

Ескертпе жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Ескертпе. Осы бап бойынша жауаптылық «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын валюталық операция туралы хабарламаға және валюталық операцияларды тіркеуге, сондай-ақ «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын хабарламаларға қолданылмайды.

464-бап. Лицензиялау нормаларын бұзу

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лицензиялау нормаларын бұзу, оның iшiнде лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеу –

лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. Лицензиаттың лицензия алған кезде көрінеу анық емес ақпарат беруі, сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), сондай-ақ лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа әкеп соққан, лицензиялау нормаларын бұзушылықтарды жоймау –

лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Дата публикации
09 января 2018
Дата обновления
09 января 2018
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
10 сентября 2024
Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің қызметі
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
04 июля 2018
ХАБАРЛАМАЛАР ТӘРТІБІ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы