«Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын, қолжетімділігін және ашықтығын арттыруға бағытталған жүйелі жұмысты тұрақты негізде жүргізіп келеді.
Басқарма «Elicense» ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметтердің 4 түрін көрсетеді:
2025 жылы барлығы 243 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
лицензиялау бойынша – 166 қызмет;
сарапшыларды аттестаттау бойынша – 77 қызмет.
Мемлекеттік қызметтер бойынша көрсеткіштер:
«Іздестіру қызметіне лицензия беру»
«Жобалау қызметіне лицензия беру»
«Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру»
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау»
2025 жыл ішінде мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру бойынша кешенді іс-шаралар өткізілді. Осы жұмыс аясында кездесулер, оқыту іс-шаралары, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар – қызмет алушылардың қатысуымен жеке және жария консультациялар ұйымдастырылды. Іс-шаралар барысында мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдері, «Электрондық үкімет» порталы арқылы өтініш беру тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері түсіндірілді.
Қызмет алушылардың ақпараттандырылуын және қолайлылығын арттыру мақсатында Басқармада мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі, жұмыс кестесі, қадамдық нұсқаулықтар мен өтініштердің үлгілері қамтылған ақпараттық стенд орнатылған және тұрақты түрде жаңартылып отырады. Сонымен қатар, тиісті ақпарат Басқарманың ресми интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
Қызметкерлердің біліктілігін және цифрлық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударылады. Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен мамандары мемлекеттік қызмет көрсету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент, «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу және басқа да өзекті бағыттар бойынша оқыту семинарлары мен курстарына жүйелі түрде қатысады.
2025 жылы Басқарма қызметкерлері үшін Абай облысының Семей қаласында көшпелі топтық оқыту ұйымдастырылды. Оқыту барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын қолдану мәселелері, азаматтарды қабылдау тәртібі және халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтер тізілімін жүргізу, «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінің функционалын пайдалану, сондай-ақ білімді басқару және Бірыңғай білім базасын толықтыру әдіснамасы мәселелері жан-жақты қарастырылды.
Халық арасында электрондық мемлекеттік қызметтерді насихаттау мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының әртүрлі нысандары қолданылады: буклеттер, ақпараттық плакаттар, бейнероликтер және «Электрондық үкімет» порталы арқылы қызмет алу тәртібін түсіндіретін өзге де медиаматериалдар. Аталған материалдар ақпараттық стендтерде, Басқарманың ресми интернет-ресурсында, әлеуметтік желілерде орналастырылады, сондай-ақ өткізілетін іс-шаралар барысында халық арасында таратылады.
2025 жылғы ішкі бақылау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ. Қызмет алушылардың барлық өтініштері заңнамада белгіленген мерзімдерде қаралып, дәлелді жауаптар берілді.
Мемлекеттік қызметтердің сапасын, қолжетімділігін және уақтылы көрсетілуін арттыру мәселелері Басқарма басшылығының тұрақты бақылауында. Осы бағыттағы жұмыс келіп түсетін ұсыныстар мен ұсынымдарды ескере отырып, жүйелі негізде жалғастырылатын болады.