
Павлодар облысында бұл мерекені 12 түрлі конфессияның өкілі болып табылатын 167 діни бірлестік пен филиал атап өтеді. Қазақстанда жыл сайын 18 қазанда атап өтілетін Рухани келісім күні қарсаңында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында конфессияаралық диалог тақырыбы талқыланды. Пресс-конференцияның қонақтары Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Байбәкіров, Мәшһүр Жүсіп атындағы Орталық мешіттің бас имамы Жұманазар Садырханов және Павлодар мен Екібастұз епархиялық басқармасының хатшысы Алексей Степанов болды. - Қазіргі Қазақстан — көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет, - деп атап өтті Нұрлан Байбәкіров. - Мысалы, біздің өңірде 49 діни бірлестік және діни қауымдастықтардың 118 филиалы жұмыс істейді. Сондай-ақ Польша, Словакия, АҚШ, Үндістан, Бангладеш, Германия және Сингапурдан келген Рим-католик шіркеуінің өкілдері болып табылатын 11 шетелдік миссионер де қызмет етуде. Дін өкілдері Қазақстанның тарихи тұрғыдан өзара құрмет пен тату көршілік дәстүрлері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан мекен екенін еске салды. Жұманазар Садырханов пен Алексей Степанов облыс тұрғындарын бейбітшілік пен келісімді сақтауға, конфессияаралық достықты бағалауға және жастардың бойына осы құндылықтарды дамытуға шақырды.
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында «Balazhan» мемлекеттік цифрлық платформасын енгізуде. Платформаның негізгі мақсаты – ерекше назар аударуды қажет ететін балаларды ерте анықтап, оларға қажетті көмекті уақтылы ұйымдастыру, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. «Balazhan» балалар мен олардың отбасылары туралы ақпарат жинауға қатысты жаңа талаптар енгізбейді. Бұған дейін педагогтер қағаз құжаттарда және әртүрлі ақпараттық жүйелерде жүргізіп келген мәліметтер енді бірыңғай цифрлық платформада жинақталады. Бастапқы мәліметтер платформаға бір рет енгізіліп, кейін тек қажеттілігіне қарай жаңартылады. Бұл құжат айналымын азайтып, педагогтердің жұмысын жеңілдетуге және мамандар арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға мүмкіндік береді. «Balazhan» – Ұлттық білім беру деректер қорының модулі болып табылады. Балалардың дербес деректерінің қорғалуы заңнама талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі. Жаңа жүйе қолдауды қажет ететін балаларды үздіксіз сүйемелдеуге және оларға көрсетілетін көмектің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Жылыту маусымы басталғалы бері өңірдің тұрғын үй секторында 8 өрт оқиғасы тіркеліп үлгерді. Өрттің алдын алу жұмыстары туралы @pavlodar.rsk алаңында ТЖ департаменті бастығының орынбасары Қайрат Шаймарденов айтып берді. Ол бүкіл Павлодар облысы аумағында үйлерді аралау жұмыстары жаз мезгілінде-ақ басталғанын еске салды. Құтқарушылардың арнайы есебінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар тұратын 1 105 тұрғын үй бар. Олардың барлығы улы газды анықтайтын арнайы датчиктермен (хабарлағыштармен) жабдықталған. - Біздің өкілеттігіміз тек профилактикалық жұмыстармен шектеледі және азаматтардың жеке саналылығына бағытталған, - деді спикер. - Барлық күш-жігерімізге қарамастан, жылыту маусымы басталғалы өңірдің тұрғын үй секторында 8 өрт оқиғасы орын алды. Өршіген өрттен абырой болғанда адам шығыны болған жоқ. Дегенмен, аудандардың бірінде екі кәмелетке толмаған бала улы газға уланып қалды. Құтқарушылар Павлодар облысының тұрғындарын қайғылы салдардың алдын алу үшін өрт қауіпсіздігі мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға және өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзбауға шақырады. Пешпен жылыту жүйесін пайдалану кезінде тыйым салынады: * Жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, сондай-ақ пешті қарауды кішкентай балаларға тапсыруға; * Отынды және басқа да тез жанғыш заттар мен материалдарды пештің алдындағы табақшаға қоюға; * Пештің есігін ашық қалдыруға; * Ошақтың жанында киім мен басқа да заттарды кептіруге; * Жылыту пешін шамадан тыс қыздыруға.
Фото: ChatGPT
«Таза Қазақстан» жобасы арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесі @pavlodar.rsk алаңында талқыланды. Экологиялық сауаттылықты арттыру және жастарды табиғатты қорғау қызметіне тартуу туралы Ақпарат жана қоғамдық даму басқармасының жастар және отбасы бөлімінің басшысы Жаннур Ахметжанова, Жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Жандарбек Кабдраш және «Жасыл Ел» штабының командирі Арина Краскова айтып берді. Олардың мәліметінше, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында Павлодар облысында жыл басынан бері 400-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, өткізілген. Жастар жобаларына, экологиялық ағартушылыққа, волонтерлікке, аумақтарды абаттандыру және көгалдандыруға ерекше назар аударылуда. Атап айтқанда, Павлодар облыстық «Жасыл ел» штабы тоғыз экологиялық, ағартушылық және жастар іс-шарасын өткізді. «Jasyl School», «EcoLab» және «Эко-Movie» сияқты әртүрлі білім беру жобалары жүзеге асырылып, экологиялық сабақтар, зияткерлік ойындар, квесттер мен танымдық экскурсиялар ұйымдастырылды. Қоршаған ортаны жақсартуға жастардың практикалық қатысуы маңызды бағыт болып қала береді. «Жасыл ел» жасақтарының қатысушылары мен волонтерлер сенбіліктер өткізіп, қоғамдық және жағалау аумақтарын қоқыстан тазартуда, көгалдандыру мен абаттандыруға қатысуда. Осындай бастамалардың қатарында «Taza Vibe», «Жер байлығы», «Jasyl Vibe» экологиялық акциялары, «Qaisar Orman» көшеттерін отырғызу және «Ұрпақтар бағы» акциясы бар. Волонтерлік орталық сондай-ақ экологиялық сананы дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруда. «Eco Cinema Night» кино көрсетілімі, «Eco-серпін» мен «Damys Time» экологиялық квесттері, «ЭкоПрогулка» үстел ойыны және қатысушылары қайта өңделген материалдардан жасалған образдарды ұсынған «RE:FASHION» жастар сән көрсетілімі өтті. Сонымен қатар, «ЗооДостар» жобасы аясында құстар мен жануарларға қамқорлық жасау жөніндегі іс-шаралар, оның ішінде «Құйрықты DIY» шеберлік сыныбы өткізілуде.
Фото: ChatGPT
2026 жылғы 12 қазанда Павлодар ауданының әкімі жеке қабылдауын өткізді. Әкімнің бүгінгі жеке қабылдауына ауданымыздың екі тұрғыны алаяқтық және жылумен қамтамасыз ету жүйелеріне қосылу мәселелері бойынша қабылданды.
Өңірде жастардың құқықтық сауаттылығын қалай арттырып жатқаны туралы @pavlodar.rsk алаңында айтылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен ақпарат және қоғамдық даму басқармасының Жастар мен отбасы бөлімінің басшысы Жаннұр Ахметжанова, полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Азамат Күркебаев, жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Жандарбек Қабдыраш және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының амбассадоры Артем Граблев бөлісті. Павлодар облысында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыруды барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен жобалық офис аясында прокуратура органдары үйлестіреді. 2026 жылға жоспарланған екі мың іс-шараның 1,5 мыңнан астамы өткізіліп үлгерді. Оларға 680 мыңға жуық адам қатысты. Қалалар мен аудандарда құқық бұзушылықтың, алаяқтықтың, буллингтің, сталкингтің және психоактивті заттарды тұтынудың алдын алуға бағытталған диалог алаңдары, білім беру кездесулері, спорттық және мәдени іс-шаралар өткізілді. «ЗАҢ.LAB» жобасы шеңберінде құқықтық қауіпсіздік және алаяқтықтан қорғану мәселелері бойынша практикалық түсіндірмелер алуға мүмкіндік болды. «Құқықтық дәріхана» акциясы Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларының үш ірі сауда-ойын-сауық орталығында, сондай-ақ аудан орталықтарында өтті. Жастардың қаржылық қауіпсіздігіне де ерекше көңіл бөлінуде. «Қаржы сақшысы» ойыны аясында бұл саладағы білімдерін 22 мың мектеп оқушысы мен колледж студенті тексерді. Оның қорытындысы бойынша 45 жеңімпаз анықталды. Білім беру ұйымдарында да қауіпсіздік сабақтары мен құқықтық сағаттар өтуде. Қатысушыларға қауіпсіз мінез-құлық, жол жүрісі ережелері, өрт және су қауіпсіздігі, құқық бұзушылықтың, буллинг пен кибербуллингтің, интернет-алаяқтықтың және басқа да қауіп-қатерлердің алдын алу туралы айтылады. Жоба аясында сонымен қатар колледж студенттері үшін оқыту кездесулері ұйымдастырылып, «Тұра жол» жастар жобасы жүзеге асырылуда, ал іс-шараларда аудиториямен визуалды коммуникация элементі ретінде арнайы «Тәртіпбек» маскоты қолданылады. Сонымен бірге өңірде «Заң мен тәртіп» амбассадорлары институты жұмыс істейді – белсенділер құрбы-құрдастарымен кездесулер өткізеді, қоғамдық бастамаларға қатысады және «тең-теңімен» форматында құқықтық сауаттылықты арттыруға көмектеседі.
Фото: ChatGPT
2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) өндірген электр энергиясының көлемі 7,8 млрд кВт·сағатты құрады. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға жоғары, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі. Электр энергиясының негізгі көлемі жел электр станцияларына тиесілі – 4,9 млрд кВт·сағат. Күн электр станциялары 1,9 млрд кВт·сағат, шағын су электр станциялары 993 млн кВт·сағат электр энергиясын өндірді. Жалпы электр энергиясын өндірудегі ЖЭК үлесі 8,5%-ға жетті. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 8,08%-ды құраған. Бұл ретте елдегі ЖЭК объектілерінің белгіленген қуаты 3,7 ГВт-қа жетті. Белгіленген қуат құрылымында жел электр станцияларының үлесі 2 ГВт, күн электр станцияларының үлесі 1,3 ГВт, шағын су электр станцияларының үлесі 313 МВт құрайды. Осылайша, Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын өндіру көлемінің өсуі жалғасуда. Бұл олардың елдің энергетикалық теңгеріміндегі үлесін арттыруға және таза энергетиканы одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Негізгі шаралар су айдындарындағы су деңгейін арттыруға бағытталған шешімдерді әзірлеу және енгізуді, биоалуантүрлілікті сақтау мен қалпына келтіруді қамтиды. Сонымен қатар Каспий теңізінің флорасы мен фаунасына ғылыми зерттеулер жүргізіліп, Арал теңізінің құрғаған табанында шөлейттенуге қарсы іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Толығырақ ortcom.kz сайтында
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен Digital Qazaqstan стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде QazTech платформасы мемлекеттік қызметтердің цифрлық экожүйесінің негізіне айналды. Цифрлық жүйелерді көшіру бойынша биылғы жоспар 92%-ға орындалды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің телеграм арнасы. «Әлеуметтік әмиян» проактивті әлеуметтік қолдау көрсетуді қамтамасыз етіп, 3 млн пайдаланушыны қамтиды. e-Otinish-тегі жасанды интеллект көмегімен 3,2 млн-нан астам өтініш өңделді. eGov GPT арқылы 51 қызмет қолжетімді. Жыл соңына дейін жалпы трафиктің 80%-ын құрайтын ең сұранысқа ие 150 қызмет қамтылады. 2028 жылға қарай жасанды интеллект негізіндегі қызметтердің үлесін 40%-ға жеткізу, ал 2029 жылға қарай қызмет алу уақытын екі есе қысқарту көзделген», – деді Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында. Оның айтуынша, Халыққа қызмет көрсету орталықтарын цифрлық кеңселерге трансформациялау жүргізіліп жатыр. Жаңа халықтың цифрлық кеңселерінде азаматтар қызметтерді eGov GPT цифрлық көмекшісі орнатылған терминалдар арқылы өз бетінше ала алады. Қазір 4 өңірде 5 цифрлық кеңсе ашылды. Тағы 10 өңірде қаржыландыру мәселесі шешілді.
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын іске асыру аясында геология, өнеркәсіп және құрылыс салаларын цифрлық тұрғыда трансформациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Аталған бағыттар бойынша 2028 жылға дейін қол жеткізілуге тиіс көрсеткіштер айқындалды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Геологиялық барлау жұмыстарына тартылатын жеке инвестиция көлемін 30%-ға арттыру көзделіп отыр. Өнеркәсіп саласында еңбек өнімділігінің жыл сайын 7%-ға өсуін қамтамасыз ету, роботтандыру ісін дамыту, кемінде 5 отандық интегратор және 3 құзырет орталығын құру жоспарланған. Құрылыс саласындағы техникалық тұрғыда күрделі жаңа нысандардың 100%-ында BIM технологиясын қолдануға кезең-кезеңімен қол жеткізу қарастырылған. «Геология саласын цифрландырудың негізгі кезеңі аяқталды. Геологиялық ақпарат цифрлық форматқа көшіріліп, көпшілікке қолжетімді етілді. Мемлекеттік қызмет Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай порталы арқылы көрсетіледі. Цифрлық аукцион тетігін енгізу және геологиялық деректердің қолжетімділігін арттыру аукциондардан түсетін кірістің 7 есе өсуін қамтамасыз етті. Келесі міндет – геологиялық деректерді талдау және перспективалы учаскелерді анықтау үшін жасанды интеллектіні қолдану», – деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.